Бір адам үнемі «Ей Алла! Әділдігіңді қалаймын» - деп, дұға жасап отырады екен. Ол адамның дұғасы қабыл болды.
Күндердің бірінде оның қарнына болат қазық жаншылды. Оған сондай өлім жазасы бұйырылған еді. Ол адам қарнына қадалған қазықтың азабынан қиналып өліп жатып: «Ей, Алла қанша уақыт Өзіңнен әділеттігіңді сұрап дұға жасап жүруші едім, қабыл етпедің»-дейді. Сонда оның құлағына қатты бір даусы келді: «Ей Адам баласы! сенің дұғаң қабыл болды. Сен дұға қылып жатқаныңда Алланың әділдігін сұраушы едің. Аланың әділдігі осы емес пе?
Себебі сен шыбындардың қарнына ине шаншып, ол кінәсіз шіркейдің азапталып өлгенін көріп тұрушы едің. Дұғаң қабыл болды, осындай кінәсіз жаратылысты қалай өлтірсең, сенде сондай азаппен жазаланасың. Шіркейдің жазасы қайтарылып берілді».
Ғибрат:
Осы ойлардан өзімізге пайда алдық деп ойлаймын. «Қылмысыңа жараса» деген, өткендердің сөзін барлығымыз білеміз. Жақсылық жасаған – жақсылық көреді. Жамандық қылған – жазасын алады. Бұл дүние – қайтар дүние. Кімге не істесең, басыңа сол келеді. Сол үшін жақсылық жасап жүрейік. Жоғарыдағы қиссадан Алланың жаратқандарына жақсылық қылуды үйрендік деп ойлаймын.
Дініміздің тәлімінде барлық жан иесіне жақсылық жасау адамгершіліктің белгісі. Мейірімділік жасамаған кісі адамгершілік қасиеттен мақрұм қалған болады. Олардың азабы да ақыретте солай болады.
Ғалымбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы