Күндердің күнінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің әйелі Жууайрия бинт әл-Харистен (оған Алла разы болсын) таң намазын оқу үшін шығады, ал әйелі болса үйде құлшылық етіп қалады.
Ол духа намазының уақытында үйіне қайтып оралады да әйелін таңертең құлшылық етіп қалған орнынан табады. «Сен әлі таңертеңгі қалпындасың ба?», - деген сұрағына, Жууайрия мақұлдап: «Иә», - деп жауап береді.
Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) отбасына, достарына және біздің бәрімізге қамқор болған, ең бастысы, бізге келесі ұлы дұғаны үйретіп кеткен. Ол былай айтқан еді:
«Сенен шыққанда, бүгін сен айтқан сөздердің бәрінен артық түсетін төрт сөзді үш рет қайталадым: “Алланың жаратқандары қанша өмір сүрсе Оған Оның қалауынша қанша рет қажет болса, сонша рет Мадақ, сонша рет шүкір! Осы дәріптеулер мен мадақтардың салмағы Оны аршысының салмағына тең болсын және Оның сөздерін жазу үшін қанша сия қажет болса , сонша сия болсын !” (Мүслім).
Міне, осы дұға. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жарты минутын да кетірмей осы сөздерді үш рет қайталаған, бұл дұға көбірек қайырлы әрі тақуалардың анасы Жууайрияның (оған Алла разы болсын) бірнеше сағат жасаған құлшылығынан да мол сауапқа кенелтеді. Алла Ұлық!
Қане, бұл дұғаның күшін тереңірек түсіну үшін әрбір сөзін бүге-шігесіне дейін түсіндіріп өтейік. Екі дүние сардары Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл дұғаны:
— «СубханАлла», - деген сөзбен бастаған.
Әдетте бұл «Аллаға Мадақ», - деп аударылады.
Бұл фразаны келесідегідей түсіндіруге болады: «Уа, Алла, қара ниетті әрі надан адамдар саған телитін кезкелген жетілмегендіктен, кезкелген кемшіліктен, кезкелген өтіріктен және кезкелген байланыстан немесе кезкелген жаратылысқа ұқсаудан Сен адасың».
Осылайша, Аллаға теңелетін кез келген жағымсыз қасиеттер жоққа шығарылады!
— Содан кейін ол «уа бихамдиһ», - деп айтқан.
Оның мағынасы: «Уа, Алла! Сен дәріптеуге барынша лайықсың».
Осы дәріптеу арқылы біз Алланың бірлігін, бірегейлігін, күшін, құдіретін, Оның барлық көркем есімдерін және Оған тән мадақтарды айтамыз!
Осылайша, біз Аллаға тән барлық жағымды қасиеттерді айтамыз.
Одан әрі дұғада Аллаға тән жағымды қасиеттерді дәріптеу және жағымсыз қасиеттерді жоққа шығару сипаттары мен түсіндірулері айтылады.
Дұғаның екінші бөлігін жақсы түсіну үшін, ұқсас жайтты келтірейік. Бір бала ата-анасына: «Мен сіздерді жақсы көремін»,- десе, екінші біреуі ата-анасын қалай қатты жақсы көретінін сипаттай отырып, былай айтады: «Мен сіздерді өте қатты жақсы көремін! Аспандағы жарқырап тұрған күндей қатты жақсы көремін! Ал менің сүйіспеншілігім аспаннан да биік!». Екеуі де өз сезімдерін білдіруде, бірақ, әлбетте, екінші бала барынша мықты сезімдермен жеткізген.
Алла – ең үздік үлгі; «субханАллаһи уа бихамдиһ» пайымдауын қалай түсіндірсек екен, Аллаға тән жағымды қасиеттерді қалай жеткізіп, жағымсыз қасиеттерді қалай жоққа шығарсақ екен?
— «Оның жаратқандары қанша өмір сүрсе, сонша рет» (адада халкиһ).
Мұның қандай көп екенін түсінесіздер ме?! Бұл әрбір адам, әрбір жын, әрбір періште, әрбір жануар, әрбір тіршілік иесі, әрбір тірі емес табиғаттағы зат, шөлдегі әрбір құм мен мұхиттағы тамшы су ғой! Әрбір жұлдыз бен әрбір өсімдік! Бір сөзбен айтқанда, әрбір бізге белгілі әрі белгісіз жаратылғандар! Алла Ұлық!
—«Оның қалауынша қанша рет болса, сонша рет» (уа рида нафсиһ).
Мұның мағынасы: «Уа, Алла! Сенің қалауынша Сені сонша дәріптеймін де мадақтаймын».
Бұл қолжетерлік мақсаттардың аса үлкені, мүмкін болар қарқынның аса зоры!
— «Осы дәріптеулер мен мақтаулардың салмағы Оның Аршысының салмағына тең» (уа зината арши).
Алла аршысы көлемінің қандай зор екенін елестетіп көріңізші! Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Аршыны көтеріп жүретін Алла періштелерінің бірі туралы менің айтып беруіме рұқсат берілген болатын. Асылында, оның құлақ сырғалығынан иығына дейінгі аралық жеті жүз жылды құрайды!» (Әбу Дәуд). Алла Аршысы қандай үлкен десеңізші, Алла Ұлық!
—«Оның сөздерін жазу үшін қанша сия қажет болса!» (уа мидаада калимаати).
«Оның сөздері» — бұл Оның өсиеті, Оның ұйғарымы, Оның барлық ілімі, соның ішінде, жасынды білу ілімі әрі жер бетінде және теңізде болып жатқан нәрселерді, сондай-ақ, ағаштан түскен әрбір жапырақты білу ілімі.
Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан:
«Рас егер жер жүзіндегі ағаш атаулы қалам, теңіз (сия болып), одан кейін оған тағы жеті теңіз көмектесіп, (жазса да) Алланың сөздері таусылмайды. Күдіксіз Алла, өте үстем, хикмет иесі» (31:27)
Аталмыш төрт теңеулер туралы ойланған сайын, бұл дұғаның күшін көбірек сезіне түсеміз әрі сол үшін Алладан барынша хайыр аламыз. Осы дұғаны әр күні таңертең үш рет қайталауды ұмытпаңыз және басқаларға да айтыңыз, олар да дұғаны айтып жүрсін.