Ақша табу, көл-көсір байлыққа кенелу әрбір ер азаматтың ең басты арманы. Дегенмен, көптеген еркектер құлшынғанымен, сәтсіздікке жолығып жатады.
Ал шындығында ақша табудың өзі ер-азаматтардың мінез-құлқына байланысы болып жататыны тағы белгілі. Ендеше, ақша таба алмайтын еркектер кімдер?
- Жаңалық ашуға талпынбайтын, тәуекел бара алмайтын, батылдығы кемшін еркектер.
- Ел сөзіне оңай иланғыш, өзіндік ойлау тәсілі жоқ. Жұрт сөзіне ере кеткіш еркектер.
- Жанын қинамай, оңай олжаға батуды ойлайтын жалқау еркектер.
- Басқалардың талғамын сарапқа салып, дұрыс айтылған ақылды қабылдамайтын, өзіндік жоспар, жобасы жоқ, менменшіл еркектер.
- Арақ-шарапқа, той-томалақ, қонағасыларды сағалап жүретін, сауықшыл еркектер.
- Өз отбасындағы шағын істерге кесім жасай алмайтын, отбасында өзіндік орны жоқ еркектер.
- Шектен тыс атаққұмар, бет-беделшіл, еңбек етуді өзіне сөлекет сезінетін еркектер.
- Біреуге сенбейтін, көзі тар, қызғаншақ, аса күмәншіл еркектер.
- Орынсыз уәде бергіш, сөйте тұра айтқанын орындамайтын, табансыз, тұрлаусыз еркектер.
- Отбасындағы бар ақшасын орынды жұмсауды білмейтін, ертесіне өз-өзіне есеп бере алмайтын еркектер.
ihsan.kz