Кішкентай ара Алла тағаладан бұйрық алса жаратушы иеміздің құдыретін Алланы ұмыта бастаған әзәзіл ойындарына алданып, имандарын жоғалта бастаған адамдардың көздеріне көрсету үшін балмен жазу жаза алады екен. Кәдімгі араб әріптерімен «Алла» деп жазған.
Доктор Сегал Эфиздің «Үш мың жылдық ғажайып» атты мақаласынан Алла тағаланың құдыретімен осыдан үш мың жыл яғни отыз ғасыр бұрын өлген адамның денесінің еш жері бұзылмай осы кезеңге дейін қалай сақталғандығы және ол дененің кімге тиесілі екендігін біле аласыз.
Егер сенбесеңіз Сигал Эфиздің сөздеріне, бұл таңғажайып денені Англияға барып Лондон қаласындағы Бритиш мұражайынан өз көзіңізбен көруіңізге болады. Англияның Лондон қаласындағы Бритиш мұражайына келушілерді таң қалдыратын және олардың әдейі іздеп баратын бір бөлмесі бар. Ол мұмиялар бөлмесі. Бұл бөлмеге кірушілердің ерекше назар аударатыны әйнек ішіндегі бір адамның денесі. Оның денесінің әр мүшесі орнында. Тірі кезіндегідей жақсы сақталған.
Бір ғажабы бұл дене бальзамдалмаған. Іші-сырты шірімеген. Бұл тақтайшаға дене осыдан үш мың жыл бұрын қайтыс болған адамның денесі екендігі жазылған. Бальзамдалмаған өлі дене шіріп кететіндігі белгілі. Сонда бұл дене отыз ғасыр бойы шірімей сақталған. Бальзамдалған өлі дене де ерекше күтім болмаса бұзылады. Ал бальзамдалмаған бұл дененің ұзақ уақыт сақталуының сыры неде?!
Бұл құпияның сырын қасиетті кітабымыз Құраннан және мың төрт жүз жыл бұрын пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) Алла тағала тарапынан түсірілген кітаптағы аяттардан оқып үйренеміз. Құран кәрімде «Юнус» сүресінің 75-92-аяттары Мұса (а.с.) пайғамбар мен перғауын арасында болған уақиғадан бастап түсінеміз.
Мұса пайғамбар (а.с.) б.з.б. 1200 жылдары өмір сүрген Алланың елшісі. Перғауын сол заманда Мысырды (Египет) билеген патша болатын. Перғауын өте залым және халқына көп қиянат жасаған адам. Дүниеге жаңа келген сәбидің өзін өлтіріп, сән- салтанатынан айрылғанын түсінде көріп шошынған перғауын, сол кезде шыр етіп дүниеге келген барлық ер баланы өлтіруге әмір береді. Бірақ Алла тағала болашақ пайғамбар Мұсаны зұлымдықтан аман сақтап қалады.
Әңгімеміздің жалғасын Құран аяттарына сүйене отырып, баяндайық: «Мұса мен Харунды (а.с.) перғауын және сыбайластарына мұғжизалармен (Алланың пайғамбарларға ғана беретін сиқырдан да күшті таңғажайыптары) жібердік. Олар перғауынға ергендер менменсініп күнәһар ел болды.
Оларға Біз шындық келген кезде: «Рас осы ашық жады дейді» олар Мұса мен Харунға: «Ата бабаларымыз тапқан жолдан бұруға әрі жер-жүзінде ұлық болуға келдіңдер ме? Біз екеуіңе сенбейміз» деді». Перғауын «Бүкіл білген сиқыршыларды маған келтіріңдер», деді.
Ал сиқыршылар келген кезде Мұса (а.с.): «Не қоймақшы болсаңдар қойыңдар» дейді. Олар қойғанда Мұса (а.с.): «Бұл келтіргендерің сиқыр. Күдіксіз Алла бұзақылардың ісін жөндемейді» деді. Егер күнәһарлар жақтырмаса да Алла ақиқатты сөздерімен шынға шығарады. Мұса (а.с.): «Егер Аллаға иман келтірген болсаңдар сондай-ақ мұсылман болсаңдар онда Аллаға тәуекел қылыңдар» дейді.
Олар: «Біз Аллаға тәуекел қылдық. Раббымыз бізді залыммен сынама» деді. «Сондай-ақ бізді мәрхаматыңмен кәпір қауымнан құтқара көр». Мұса (а.с.) пайғамбарға Алла тағала бір мұғжиза аса таяқ береді. Мұса (а.с.) өзінің пайғамбар екенін дәлел ретінде өзіне Алланың берген аса таяғымен түрлі таңғажайыптар көрсеткендер, перғауын және оның сыбайластары Мұсаның (а.с.) пайғамбарлығына нанбай оны сиқыршы деді.
Сонда Мұса (а.с.) перғауынның сиқыршыларын шақыртып қолдарынан не келетінін көрсетулерін сұрады. Сонда сиқыршылар таяқты жыланға айналдырды. Ал Мұса (а.с.) қолындағы аса таяғын алып айдахарға айналдырды. Айдахар барлық жыландарды жұтып қойғанда сиқыршылар Мұсаның (а.с.) аса таяғы сиқыр емес екенін Алланың мұғжизасы екеніне сеніп қорыққанынан иман келтіреді. Алла тағаланың құдыретті екендігінің шынайы белгісін түсінген еді.
Мұса (а.с.) мен оның туысына: «Екеуің Мысырда елдеріңе үйлер салыңдар да үйлеріңді намаз орны қылып, намаз оқыңдар. Сонымен қатар мүминдерді сүйіншіле деп уахи еттік». Мұса (а.с.): «Раббымыз расында Сен перғауын және оның шонжарларына дүние тіршілігінде зейнет және малдар бердің. Жолыңнан адасулары үшін бе? Малдарын жоқ ет, жүректерін қарайт. Жан түршігерлік азапты көргенге дейін олар иман келтірмейді» деді. Алла: «Екеулеріңнің тілектерің қабылданды.
Онда тура жолда болыңдар да білмейтіндердің жолына ермеңдер» деді. Исрайыл ұрпақтарын теңізден өткіздік. Сонда перғауын және әскерлері жауыздық, дұшпандықпен оларды қуды».
Исрайл ұрпақтарын соңынан ертіп, перғауын бастаған көп әскерден қашып келе жатып теңізге тірелгенде. Мұса (а.с.) Алла тағала берген құдыретті аса таяқпен теңізді түртіп қалады. Теңіз ортасынан қақ айырылады да бір жол пайда болады. Осы жолмен қашқан Исрайл ұрпақтарын перғауын әскерімен қуады. Қашқандар теңіздің арғы бетіне шыққан сәтте, теңіз қайтадан жабылады да перғауынмен оның әскері суға бата бастайды. Ақыры сол перғауын суға батар сәтте: «Исрайыл ұрпақтары иман келтірген тәңірден басқа тәңір жоқтығына иман келтірдім. Мен де бой ұсынушылардан болдым» деді».
«Енді ғана сендің бе? Расында сен бұрын қарсы келген бұзақылардан болған едің. Сенен кейінгіге үлгі болу үшін денеңді жансыз түрде құтқарамыз. Расында адамдардың көбі аяттармыздан хабарсыз» («Юнус» сүресі, 75-92).
Құран кәрімнің ағылшын тіліндегі аудармасын оқыған Англияның археологтары арнаулы жабдықталған экспедицияға шығып, Қызыл теңізден перғауының денесін іздей бастайды.
Теңіз астынан ештеңе таба алмаған экспедиция мүшелері үміттерін үзбей, екінші рет тағы да Қызыл теңізге келіп бұл жолы бүкіл жағалаудағы құмдардың астын қазып жүріп ақыры соңында теңіз жағалауындағы құмдардың астынан тас болып қатып қалған жалаңаш адам денесін тауып, үлкен олжамен Англияға оралады.
Ұзақ уақыт бойы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ағылшын ғалымдары бұл дененің Мұса (а.с.) оқиғасындағы суда қалған перғауынның денесі екенін анықтайды.