Иә, адам өзінің жанын алатын періштені міндетті түрде көретін болады. Тіпті көзі көрмейтін адам да ажал періштесін көре алады.
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:
«Сендерге уәкіл етілген өлім періштесі жандарыңды алады. Сосын Раббыларыңа қайтасыңдар де» (32:11).
«Біреулеріңе өлім келген сәтте, періштелеріміз жанын алады әрі еш кемістік етпейді» (6:61).
Әрбір адам үрей тудыратын ажал періштесін көретін болады. Иман келтірмегендер мен күнәһарларға Әзірейілдің (оған Алланың сәлемі болсын) түрі қорқыныш тудырса, ал иман келтіргендерге ол көркем кейіпте келетін болады.
Алла Тағала Құранда былай айтқан:
«Олар, астарынан өзендер ағатын Ғадын бақшасына кіреді. Сондай-ақ, олар онда нені қаласа бар. Осылайша, тақуаларды Алла сыйлайды. Ол сондай тақуалар, жақсы жағдайда періштелер жандарын алып: “Сендерге есендік болсын, амалдарыңа орай жаннатқа кіріңдер” дейді»» (16:31-32).
Адамның жанын алуға келген Әзірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) сол адамның сүрген өмір салтына байланысты кейіпке еніп келеді. Игі амалдар мен зұлымдықтың қандай дәрежесіне жеткен адам болмасын, ажал періштесін соған сай дәрежеде және соған сай кейіпте көретін болады.
Мысалы, Құранды ұстанушыларға Әзірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) бір кейіпте келсе, ал жихад жасағандарға басқа кейіпте келеді, ал басқа да игі амалдар жасағандардың жанын мүлде басқа кейіпте келіп алады. Ал иман келтірмегендер мен екіжүзділерге ажал періштесі соншалықты қорқынышты да зұлым түрде келетіндігі сондай, үрейден оны көрген адамдардың ішкі ағзалары жарылып-үзілетін болады.
Осыдан кейін Әзірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) одан да қоқынышты кейіпте келіп, оның бас жағына отырып, бұл адамның өмірінде жасаған амалдарына сәйкес әрекет ететін болады.