Сән-салтанат бір кесе суға тең

Сән-салтанат бір кесе суға тең

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір патша ауруға шалдығып қатты қиналады. «Кім мені осы аурудан емдесе, байлығымды соған беремін» - деп жар салады.

Осы сөзді естіген Алланың бір сүйікті құлы патшаның алдына келіп оның ішін сылап, емдеп береді. Патша емделген соң: « Мына таққа отыр барлық иелігім саған» -депті.

 Сонда ол кісі: «Жоқ, сен өз орныңа отыр. Тек оның бағасын және қадірін біл. Бұл байлықтың шаң тозаңдай бағасы жоқ. Бір кесе су құрлы болмады. Егер оны іше алмасаң,  не ішіп шығара аламасаң да бар байлығыңды бересің» - депті.

Алынатын пайдасы:

Жер бетіндегі ең қымбат нәрсе ол – денсаулық. Қандай мансап иесі болсаң да денсаулық болмаса оның бәрі бекер. Бай болып, дүние, мансап иесі болса да бір кесе су ішіп шығара алмаса не болады? Сол бір пияла суды шығару үшін бар дүние мүлкін беруге разы болады. Осындай жағдайда тақпен, мансаппен, байлықпен шірену ақылды кісінің ісі емес.

Адам өз орынын біліп, Аллаға шүкір қылуы керек. Алла қанша кеңшілік берсе соның шүкірін беру керек. Өзімізді Алланың алдында құл екендігімізді сезініп, берегеніне шүкір етеміз. Алланың нығметі мол. Байлар өте көп шүкір айтуы керек.

Ғалымбек ЖАПЕК

«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: