Алла ажал періштесіне де өз-өзінің жанын алуға бұйырады…

Алла ажал періштесіне де өз-өзінің жанын алуға бұйырады…

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әркім өлім дәмін татады. Шын мәнінде қиямет күні ақыларың толық төленеді. Сонда кім оттан құтқарылып жұмаққа кіргізілсе, рас құтылды. Негізінде дүние тіршілігі алданыштың ғана нәрсесі" (3:185).

Қиямет күні балалар қарттарға айналса, ал шайтандар қашатын болады. Бұған Алланың Құрандағы сөзі дәлел:

 «Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар. Расында қияметтің сілкінісі үлкен нәрсе, Ол күні, әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты» (22:1-2).

Содан кейін Алла Тағала Исрафилге (оған Алланың сәлемі болсын) сүрді екінші рет үрлеуге бұйырады, сонда көктер мен жердегілердің бәрі де өледі. Бірақ кейбіреулерін Алла тірі қалдырады.

Бұған Алланың Құранда айтқаны дәлел: «Сүр үрілгенде Алланың қалағанынан басқа көктердегі жан иелері, жердегі жан иелері жығылып өледі. Бірақ Алланың қалағандары қалады. Сосын екінші рет Сүр үріледі де сонда олар тұрған бойда қарап қалады» (39:68).

Тірі қалдырғандар: Жәбірейіл, Микәйіл, Исрафил және өлім періштесі Әзірейіл (оларға Алланың сәлемі болсын) болып табылады.  Алла ажал періштесінен сұрайды: «Менің жаратқандарымнан тірі қалғандар кімдер?» Өзі біліп тұрса да одан сұрайды.

Ажал періштесі былай айтады:  «Уа, Алла, Сен тірісің әрі мәңгіліксің. Тірі қалғандар Жәбірейіл, Микәйіл, Исрафил, сондай-ақ, Сенің Аршыңды көтеріп тұрғандар және мен». Алла ажал періштесіне қалған періштелердің рухын алуға бұйырады.

Шындығында, Алла Жәбірейіл, Микәйіл, Исрафил және Аршынды көтеріп тұрғандар өлсін деп бұйырады. Содан кейін Алла былай айтады: «Уа, ажал періштесі, менің жаратқандарымнан кім қалды?» Ажал періштесі былай жауап береді: «Ешқашан өлмейтін Сен және Сенің әлсіз құлың қалды». Алла сонда айтады: «Уа, ажал періштесі, сен Менің айтқанымды естімеп пе едің?»

 «Әркім өлім татады» (3:185). Сен де Менің жаратқандарымның бірісің. Мен сені жан алғыш етіп жараттым, енді өл». Осыдан кейін Әзірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) өледі.  

Басқа хадисте былай айтылған: «Шындығында Алла Тағала ажал періштесіне өзінің рухын алуды бұйырады.  Сонда ажал періштесі Жұмақ пен Тозақтың ортасына келіп, өзінің жанын алады. Оның жан дауысы шығып айғай салады, егер жаратылғандар тірі болса, оның жан айғайынан өліп кетер еді. Ажал періштесі былай айтады: «Егер жан алудың қандай қиын екенін білгенде, иман келтіргендердің жанын алғанда біраз мейірімді болар едім».

Алла осынау зиянды әлемге былай айтады: «Билеушілер қайда? Олардың балалары қайда? Жәбірлеушілер қайда? Жәбірлеушілердің балалары қайда? Менің тамағымды пайдаланып, Менен басқаға табынғандар қайда?» Содан кейін Алла айтады: «Осы Күнгі патшалық  кімдікі?» Аллаға ешкім жауап бере алмайды. Сонда Алла Тағаланың Өзі батыл жауап береді:  

«Тек қана Жалғыз, тым өктем Алланікі» (40:16).

"Танбихуль гафилин" кітабынан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: