Дінде жеке пікірге орын бар ма?

Дінде жеке пікірге орын бар ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ислам – Құранға негізделген әрі парасатты ақылға қайшы келмейтін дін"

Дінде жеке пікірге орын жоқ, өйткені оның негізі қасиетті Құран. Ақыл діннің дереккөзі бола алмайды. Ислам – бұл Құранға негізделген әрі парасатты ақылға қайшы келмейтін дін. Егер дін ақылға негізделсе, онда қанша адам болса, сонша дін болар еді. Исламда ақыл жете алмайтын дүниелер бар, бірақ ақылға қайшы келетін де ештеме жоқ.  

Қоғам қажеттілігіне байланысты дін өзгеруі керек деп айтатын адамдар да табылатын болады. Оларға имам Раббани былай жауап берген: «Олардың пікірінше дінде бар кемшіліктерді жою үшін, дінге өзгертулер енгізу қажет деп айтатын адамдар табылады. Ал дінде ешбір кемшілік жоқ.

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (5:3). Сондықтан дін өзгертулерге мұқтаж деп санайтындар бұл аятты жоққа шығарғандары».

Дінге әлдебір өзгертулер енгізу үшін оны адамдар түсірмеген. Аллаға сенген адам  Жаратушының айтқандарына мүлтіксіз сенуі тиіс, ал бұған еру үлкен игілік болып табылады.

Сенім білдірген адам былай айтуы қажет: «Кейбір бұйырылғандарды орындамасам да, бірақ мен олардың әрқайсысына шын сенемін».

Ал күнә жасауға үйреніп алған адам былай айтады: «Менің көзқарасым бойынша, бұл күнә мубах болуы тиіс», алайда бұл Алла Тағалаға сенімсіздік таныту болып табылады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: