Қордайда қарттар құрметтелді

Қордайда қарттар құрметтелді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазан айының 1-жұлдызында халықаралық «Қарттар күні» аталып өтетінін баршасы біле бермес. Дегенмен, жыл санап санамызға сіңіп келе жатқан осы бір атаулы күнді Қордай жеріндегі құлшылық ордалары құр қалдырған емес.

Жыл сайын қазан айын қарттарға арналған қайырымдылық шараларымен бастап, ақсақалды аталарымыз бен ақжаулықты апаларымызға қуаныш сыйлап келеді. Әлеуметтік жағдайы төмен, әртүрлі дерттерге ұшыраған, өмірдің тауқыметін көрген үш апаларымызға мешіт  тарапынан үй-үйлеріне бас имам Дәуренбек Жандосұлы барып, 5 кг ет, 50 кг ұн, 10 кг макарон, 8 кг күріш, 5 литр сұйық май, 50 кг картоп, 40 кг пияз қайырымдылық ретінде таратылды.

Бұдан бөлек, мешіт асханасында тек «Қордай» мешітінің ғана емес жақын елді мекендердегі мешіт жамағаттарының ақсақалдарына арналып мерекелік дастархан жайылып, арнайы қонақасы берілді.

Ұлағатты ұстаздық мамандығынан бастап, басқа кәсіп түрлері бойынша еңбек жолын жемісті аяқтаған зейнеткер ата-әжелерімізге мешіт қызметкерлері кездесу өткізіп, мерекемен құттықтады. Қатары сирей бастаған қарттарымыз дастархан басында тағылымды отырыс өткізілді.

Іс-шара аясында Қордай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы еліміздің өркендеп, дамуы жолында маңдай терін төккен қазыналы қарттарды атаулы мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, асыл дініміздің қарттарды құрметтеуге, аялауға шақыратын арда құндылықтарын тілге тиек еткен Бас имам жалынды жастық шағын отанымыздың гүлденуіне арнаған қарттарымызды құрметтеудің маңызына тоқталды.

Іс-шараға қатысқан қарияларға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін даналық бұлағы» атты кітабы және апа-әжелерге орамалдан сыйға тартылды.

Дін қызметкерлерінің қайырымдылық ниетіне қарттар мен кейуаналар, ұжым басшысы шынайы алғыстарын білдірді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: