Қабірдегі қорқынышты үндерді жануарлар естиді ме?

Қабірдегі қорқынышты үндерді жануарлар естиді ме?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айша (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі (с.а.с.): «Әлбетте, көрдегілер азап шегеді, олардың қиналған үнін жануарлар естиді», – деді», – деген1.

Умму Мубашшар (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.) (үйіме) кіріп: «Алладан қабір азабынан құтқаруды сұраңдар!» – деді. Сонда мен: «Уа, Аллантың елшісі! Көрде де азап бар ма?» – дедім. Ол: «Әлбетте, қабірдегілер азап шегеді, олардың қиналған дауыстарын жануарлар естиді», – деді», – деген2.

Зәйд ибн Сәбит (Алла оған разы болсын): «Пайғамбармен (с.а.с.) бірге бәріміз бәну нәжжәр тайпасына қарасты ауылдың тұсынан өтіп бара жатқанымызда ол кісінің қашыры кенет әлденеден үркіп, Пайғамбарды (с.а.с.) үстінен құлата жаздап жолдан шығып кетті. Сонда анадайдан алты-бес, әлде төрт бейіт көрінді. Пайғамбар (с.а.с.): «Бұлар қашан өлген еді?» – деп сұрады. Жолдастарымыздың бірі: «Мүшрік кездерінде», – деді. Сосын Пайғамбар (с.а.с.): «Әлбетте, бұл үмбет қабірлерінде сыналады. Егер сендер бір-бірлеріңді жерлейтін болмағандарыңда еді, сендерге Алладан өзім естіп тұрған қабір азабын естіртуді сұрар едім», – деді», – деген3.

Пайғамбар (с.а.с.) қабірлердің жанынан өткенде олардың дауысын есітетін болған. Егер адамдарда қабір азабының даусын есіту қабілеті болғанда, қабірге деген қорқыныштан олар бірін-бірі жерлемей қояр еді.

Жануарлар қабірде азап шегушілердің дауыстарын естігендіктен үй жануарлары топырақты жеп ауырып қалған кезде адамдар оларды яһудилердің, христиандардың, бәну ғұбайттан болған исмайлилер, нусайрилер, қарамиталар және т.б Мысыр, Шам жерлеріндегі мұнафықтардың мазарларына апаратын. Себебі жылқысы барлар олардың бейіттерін яһуди, христиандардікімен бірдей көретін. Олар жылқы қабір азабын естіген кезде қатты қорқып сілкініп, шыңғырады, сол кезде оның ауруы кетеді.


 

1 Әл-Бұхари, Муслим.

2 Ахмад, Ибн Хиббан.

3 Муслим, Ахмад.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: