Бір салауат...

Бір салауат...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ахиретте бір мұсылманның амалдары есепке тартылады. Күнәлары таудай, ал сауабы бір тұтам болады. Періштелер оны жаһаннамға алып бара жатқанда сүйікті пайғамбарымыз оларға: «Асықпаңдар! Ол менің үмбетімнен болады, оны жіберіңдер!» дейді.

Періштелер: «Йа Нәбиуллаһ, бұл тапсырманы бізге Алла та’ала берді. Біз не істей аламыз? Сен Раббымызға дұға етсең, Ол бізге не істейтінімізді білдіреді» дейді. Сүйікті пайғамбарымыз дұға етеді. Алла та’ала періштелерге: «Хабибім не айтса соны істеңдер!» дейді. Пайғамбарымыз: «Таразыға тағы бір рет тартып көрейік» дейді. Қайтадан таразының басына келеді.

Періштелер: «Йа Расулаллаһ, қараңызшы күнәлары таудай» дейді. Пайғамбарымыз мүбәрәк қолындағы бүктелген қағазды таразының оң жағына қойып: «Енді көріңдерші» дейді. Бірден жағдай өзгереді. Сауаптар таудай көбейіп, күнәлар аз қалады. Әлгі мұсылман құтылғанын көріп, пайғамбарымыздың аяғына жығылып: «Мені құтқардыңыз Йа Расулаллаһ! Қағазда не бар еді?» деп сұрайды.

Расулуллаһ алейһиссалам «бірге ашып көрейік» дейді. Қағазды ашқандарында ішінде: «Аллаһуммә салли алә сәйидинә Мухаммәдин уә алә әли сәйидинә Мухаммәд» деп жазылған еді. Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уә сәлләм оның өмірінде бір рет айтқан салауатын сақтаған екен.

Пайғамбарымызды еске алудың, оған салауат айтудың қаншалықты маңызды екендігі осыдан да түсінілуде. Күнде салауат айтып жүруге тырысу керек. Жолда, жұмыста әр мүмкіндікте айтып жүруге әдеттену керек.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: