Қазіргі уақытта жеке адамға және бүтіндей қоғамға қатер тудырып отырған дертті мәселелердің бірі – зиянды әдеттерге тәуелділік.
Қазіргі уақытта жеке адамға және бүтіндей қоғамға қатер тудырып отырған дертті мәселелердің бірі – зиянды әдеттерге тәуелділік.
Биыл дәстүрлі «Имани жаз – 2024» жазғы діни сауат ашу курсы республика бойынша 10 маусым күні басталған болатын. Аталған курс Жамбыл облысы бойынша қалалық, аудандық орталық және бірнеше ауылдық мешіттерде шәкірттер қабылдап, жұмысын жүргізді.
Қазақ дәстүрінде ерекше орын алатын маңызды жоралғымыздың бірі ол – тұсаукесер тойы. Шілдехана, бесік тойдан кейін аталып өтетін бұл салт бала енді тәй-тәй жүре бастаған шағында оған «тез жүріп кетсін», «қадамы нық болсын» деген секілді игі тілекпен жасалады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Әрбір амал ниетке байланысты» дегені бар, Демек бұл жерде шариғатқа қарсы кері әрекеттің жоғы айдан анық.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен жаздық сауат ашу курсындағы қыздар арасында дұға сайысы өтті.
Ислам діні ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабаларымыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы. Әлмисақтан мұсылман болған халқымыз әркез діні мен дәстүрін қадірлеп, ғасырдан ғасырға осы екі қасиетті ұғымды ұштастыра білу арқылы Құдайға деген құлшылығын жасап, дархан мінезінен таймай, ұрпағын ізгілікке тәрбиелеп келген.
Өмірге келген сәбидің алғашқы отауы – бесік десек артық айтқандық емес. Бесіктің пайдасы бүгінге дейін талай кітаптарға арқау болған. Әйгілі жазушы, білгір этнограф Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бесік тәрбиесін бүкіл елдік деңгейге бір-ақ көтергені мәлім. Ел болу деген ұғымның аясы мен ауқымы өте кең.