#Қордай: «Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты тақырыпта уағыз-насихат айтылды

#Қордай: «Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты тақырыпта уағыз-насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабаларымыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы. Әлмисақтан мұсылман болған халқымыз әркез діні мен дәстүрін қадірлеп, ғасырдан ғасырға осы екі қасиетті ұғымды ұштастыра білу арқылы Құдайға деген құлшылығын жасап, дархан мінезінен таймай, ұрпағын ізгілікке тәрбиелеп келген. Өмірлік тұрмысымызға айналған дәстүрлеріміздің көбі асыл дінімізден бастау алған. Осылайша асыл дініміз қазақ халқының рухани дүниесін қанағаттандырып қана қоймай, халқымыздың танымы, мәдениетімен біте қайнасып кеткен.

Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен, жаздық сауат ашу курсындағы қыздарға «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында рухани кеш өтті. Кешті Құран оқумен Самия Ахметәліқызы ашты. Әжелер алқасы мүшелеріне сөз берілді. «Қордай»  және «Рахман»  мешіті ұстаздары Эльмира Аманқожақызы мен Айгул Жолдасқызы  «Дін мен дәстүр сабақтастығы» жайлы уағыз насихат айтып, ұлттық құндылықтарды еске түсірді. Монологтар оқылып, көрініс көрсетілді. Кешке келген қонақтарға сөз беріліп, бата жасалды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: