#Қордай: «Дұғам қабыл болсын» сайысы өтті

#Қордай: «Дұғам қабыл болсын» сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен жаздық сауат ашу курсындағы қыздар арасында дұға сайысы өтті.

«Дұғам-қабыл болсын» тақырыбында өткен шарада шәкірттер үш топқа бөлініп, топ басшы  тағайындалды. Топтар: «Жұлдыздар» тобы, «Фирдауыс» тобы, «Сабыр» тобы. Бес кезеңнен өткен іріктеуде: логикалық сұрақтар, Алланың көркем есімдері, физикалық ойын ойнатылып , әдеп  және дұға сұралды. Сайыс нәтижесі бойынша: 1-орын «Фирдауыс» тобына, 2-орын «Жұлдыздар» тобына. 3-орын «Сабыр» тобына берілді. Қатысушыларға сыйлықтар таратылып, алғыс айтылды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: