Нашақорықтың алдын алу - баршаға бірей міндет

Нашақорықтың алдын алу - баршаға бірей міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі уақытта жеке адамға және бүтіндей қоғамға қатер тудырып отырған дертті мәселелердің бірі – зиянды әдеттерге тәуелділік. Оның салдары күнәлі істердің жасалуы, қылмыстың көбеюі, отбасында берекетсіздік, бірліктің ыдырауы сияқты мәселелерге әкеліп соғуда. Адам баласын құрдымға жіберетін үш апат (темекі тарту, ішімдік ішу, нашақорлыққа бой алдыру) бар десек,  бірі – нашақорлық һәм есірткіге әуестік.

Қоғамдық дерт өршімей тұрғанда оның алдын алу - маңызды мәселе. Осыған орай, Жамбыл облысы, Жастар ісі секторының өкілі  Есет Таласбаев "Қайрат Рысқұлбеков" паркінде жастармен дидарласты. 

Дін маманы саябаққа жиналған жастарға нашақорлықтың алдын алу тақырыбында насихат жасады. Оның зияны мен адам өміріне, қоғамға алып келіп жатқан жайсыздықтарын тілге тиек етті. Сондай-ақ асыл дінімізді айтылған теріс әрекеттерден сақтануға шақырды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: