Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Алпысбайұлы аудан тұрғындарына ауызашар берді. Ауызашар дастарханына 18 ауыл округінің әкімдері, ақсақалдары және ауданға қарасты ауыл имам-молдалары қатысты.
Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Алпысбайұлы аудан тұрғындарына ауызашар берді. Ауызашар дастарханына 18 ауыл округінің әкімдері, ақсақалдары және ауданға қарасты ауыл имам-молдалары қатысты.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен 21 мұқтаж отбасыға «Рамазан қоржыны» атты қайырылымдық шарасы өтті.
Рамазан – тақуалықты одан әрі арттыруға мүмкіндік беретін ай. Құдайдан қорқа білу – мүминге міндет. «Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгеніндей, сендерге де ораза парыз етілді» – деп басталатын аяттың «мүмкін тақуалық қыларсыңдар» деген сөздермен аяқталуында үлкен сыр бар.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) бір хадисінде: «Расында, әр адамға өзінің ниет еткен нәрсесі беріледі», – деген. Бұл – адам баласы өзінің ниетіне орай, мақсатына жетеді деген сөз. Кімде-кім сауабын Алладан үміт етіп, ораза ұстаса, күнәлары кешіріліп, Оның ризалығына бөленеді. Екі дүниеде де Алланың ризалығына кенелуден артық бақыт жоқ.
Рамазан айы – он екі айдың сұлтаны, берекесі де, кешірімі мол ай. Барша үмметтің асыға күткен Құран айы да келіп жетіп, жұртшылық ауыз бекітуде. Рамазан – тұтастай ғибадатпен өткізілетін уақыт.
«Бір ұмра келесі ұмраға дейінгі аралықта жасалатын күнәларды өшіреді. Қабыл болған қажылықтың қарымы тек жаннат қана». «Қажылық жасаушылар мен ұмраға барғандар – Алланың сыйлы қонақтары. Егер бұлар тілек тілесе, Алла тілектерін қабыл алады, күнәларына кешірім сұраса, күнәларын кешіреді».