Көңіл сұрау – қанымызға сіңген салтымыздың бірегейі. Ол адамды құрметтеудің нышаны. «Аурудың емі – саудың сәлемі» деген мақал бар.
Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы 10 жылға жуық имамдық қызмет атқарып, қазіргі уақытта Алланың сынағына түсіп арбаға таңылған Сағынай имамды зиярат етіп, көңлін сұрап қайтты.
Бас имам мешіт ұжымы атынан Сағынай имамға 30 000тг қаржылай көмек берді. Сағынай имам көңілін сұрап келген бауырларына риза болып, алғысын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі