#Меркі ауданы: Үлкенге құрмет – кішіге міндет

#Меркі ауданы: Үлкенге құрмет – кішіге міндет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен Меркі ауданы, Мыңқазан ауылы «Сиқымбай ата» мешітінің тұрақты жамағаты Жекен атаны зиярат етті.

Бес уақыт намаздан қалмайтын Жекен атамыз сырқаттанып қалған екен, атамыздың қал-жағдайын білу мақсатымен аудан бас имамы мен ауыл имамы ақсақалға амандасып, сұқбаттасып, Құдайдан шипа дұға тілеп, мешіт ұжымы атынан сыйлық табыстап қайтты

Зиярат етіп келген бауырларын көрген Жекен атамыз өз батасын, алғысын білдірді. Алла Тағала Жекен атамызға шипа беріп, ғұмыр жасын ұзақ қылсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: