Әлемдердің Раббысы Алла Тағаланың берген сансыз нығметтерінің бірі – су. Тіршілік көзінсіз өмірдің мәні жоқ. Меркі ауданы, Ойтал ауылының имамы Олжабаев Жанболаттың ұйытқы болуымен ауылдағы бір отбасыға су кіргізіп берді.
Ауыл тұрғындарының ізгі ниетімен егде жасқа келген жалғыз басты атамыздың үйіне тіршіліктің көзі болған суды тартып берді.
Атамыздың қуанышында шек жоқ. Осы игі іске атсалысқан барша ауыл тұрғындарына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Алла Тағала ауыл тұрғындарының ниетін, амалдарын қабыл етіп, сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі