Бүгін "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы Еңбекші ауылында ұйымдастырылған ауызашарға қатысты. Жиналған көпшілікке "Жастарға үлгі болу" тақырыбында уағыз айтып, Құран оқып, бата жасады.
Бүгін "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы Еңбекші ауылында ұйымдастырылған ауызашарға қатысты. Жиналған көпшілікке "Жастарға үлгі болу" тақырыбында уағыз айтып, Құран оқып, бата жасады.
Бүгін "Төле би" мешітінде "Қайырымды жұма" науқаны аясында жағдайы төмен 8 отбасыға жәрдем жасалды. Күнделікті тұтынатын қажетті азық-түлік толы сөмкелерді үлестірген мешіт көмекшісі Ибрагим Жалалиев отбасыларға Талғат Кәрібайұлы имамның сәлемін жеткізді.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы «Рахман» мешітінің ұстазы Дүзелбаева Айгүлдің ұйымдастыруымен «Рамазан - рухани азық» атты шәкірттер арасында интелектуалды сайыс өтті. Шәкірттер арасында «Рамазан» және « Раян» атты екі топ бақталасты.
Меркі ауданы, Кеңес ауылы "Ар-Разақ" мешітінің имамы Молдашев Нұрболдың ұйытқы болуымен және ауыл жамағатының бірлесуімен мешіт асханасына табиғи газ кіргізілді және жаздық-қыстық екі жүйеде жұмыс жасайтын кондиционер іске қосылды.
Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы "Әл-Кәрим" мештінде қасиетті Рамазан айында ауызашар берілді.
Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің ұжымы мен жамағатының ұйымдастыруымен тарауих намазынан шыққан жамағатқа «тегін такси» шарасы балып өтті.