МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітіндегі құран курсының шәкірттері муғалим сәниді аяқтап, құран оқып бастады. Құранға түскен шәкірттерге бас имамның атынан сертификат табысталып, Айгерім ұстаз қасиетті Құран Кәрім кітабы және зәмзәм суын сыйлыққа берді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

  Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжапар ауылының имамы Ғалымжан Аятұлының ұйымдастыруымен Қасиетті жұма күні тұрмысы төмен 7 отбасыға азық-түлікпен қайырымдылық жасалды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылының имамы Бақытжан Әлімбековтің бастамасымен «Ішімдіктен бас тартқан ауыл» атты ізгі жоба іске асты. Ауыл имамы мешіт ақсақалдарымен бірлесіп ауылдағы дүкендерді аралап, қасиетті айда арақ сатпауға шақырды.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қасиетті Рамазан айында әр сенбі сайын орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстаздары әйелдер жамағатына семинар өткізуде. Кезекті жиын Құран хатымның дұғасымен басталды. Апта сайын аталған мешіттің Құранға түскен шәкірттері бірігіп Құранды хатым етуде.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде әйелдер жамағатына арналған кезекті уағыз жүргізілді. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева "Тәубе" тақырыбында насихат айтты.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Шу ауданы "Жәми" мешітінде Алланың 99 көркем есімін жатқа оқудан қыздар арасында сайыс өтті. Шараға сауат ашу курсының қазақ тілді және орыс тілді топтары қатысты.