Меркі ауданы "Жүніс молда" мешітінің бас имамы Дастан Қасымалиевтың бастамасымен және мешіт жамағатының бірлесуімен қасиетті Қадір түнінде Құран жарысы өтті.
Меркі ауданы "Жүніс молда" мешітінің бас имамы Дастан Қасымалиевтың бастамасымен және мешіт жамағатының бірлесуімен қасиетті Қадір түнінде Құран жарысы өтті.
Сарысу аудандық мешітінде16-жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында құранды жатқа және мәнерлеп оқу жөнінде II номинация бойынша Құран жарысы өткенін атап өтейік.
Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Исаұлы әкімшілікте өткен дөңгелек үстелге қатысып, дәстүрлі емес діни ағымдарға тыйым салу керектігін айтты.
Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылының әкімі ауыз бекіткендерге ауызашар берді. Ауызашарға Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Сабырханов арнайы барып, Қасиетті айдың артықшылығы мен оразаның тәрбиесі жайында уағыз айтты.
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын): Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Кімде-кім Қадір түні иманмен және сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі».
«Сендерге Рамазан айы келді. Ол - мүбәрак ай. Алла Тағала сендерге оразаны парыз етті. Рамазанда жаннаттың есіктері ашылады. Тозақтың есіктері жабылады. Шайтанды Алла кісендеп тастайды. Рамазанда бір түн бар. Ол мың айдан артық. Кім одан құр қалса, барлық жақсылықтан құр қалады».