ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы мен облыстық дін істері басқармасы басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы «Һибатулла Тарази» мешітінде болды. Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы өкілдерді қарсы алып, мешіт және медресенің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Облыс әкімінің орынбасарының қатысуымен өңірлік имамдармен кездесу өткізіліп, өңірдегі түйткілді діни мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.   Бас имам бүгінде құлшылық орнына келушілер саны мол екенін алға тартып, мешіттің тек қана құлшылық ордасы ғана емес, рухани-ағарту орталығына айналдыру мақсатында ірі жобалар атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, «Асыл дін» ақпараттық-танымдық студиясы, «Дін мен дәстүр» мұражайы, «һибатулла Тарази» медресе-колледжінің жұмысымен таныстырып, оқу ордасының білім сапасын көтеруге қатысты қабылданатын іс-шаралар мен алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

Өз кезегінде әкімшілік өкілдері өңірдегі діни ахуалды жақсартуға қатысты өз ұсыныстарымен бөлісіп, дін саласындағы түйткілді мәселелерде қажетті қолдау көрсететіндерін жеткізді. Кездесу соңында бас имам Бейбіт Әліпбекұлы жергілікті баспасөз өкілдеріне сұхбат берді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: