Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен ауызашар дастарханы мешіт жамағатына жайылды.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлының ұйымдастыруымен ауызашар дастарханы мешіт жамағатына жайылды.
Айлардың сұлтаны рамазан айында Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде ауызашар берілді. Ауызашар дастарханында «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы мешіт жамағатына «Рамазан кемелдену айы» тақырыбында насихат айтты.
Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің ұжымы "Ризық-мүбәрак" қоғамдық қорымен бірігіп, мешітке түскен пітір-садақадан аз қамтылған 30 мұқтаж отбасына азық-түлік таратты.
Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінде қадір түні кең көлемде аталып өтті. Әуелі мешітімізде хатым Құран түсірген қариларға құрмет көрсетіліп, шапан жауып, қомақты қаржымен шығарып салды.
Қасиетті Қадір түнінде мешітке келген жамағатты ынталандыру мақсатында Меркі ауданы "Жүніс молда" мешітінде, ұстаз Еламан Бақытханұлының жүргізуімен «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан» «Пайғамбар өмірбаяны» жайлы жамағатқа викториналық сұрақ-жауап жарысы ұйымдастырылды.
Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітінде Қадір түні қарсаңында 250-300 адамға ауызашар берілді. Ақ дастархан басында ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымыз және ауыл әкімі сөз сөйлеп, ауызашар беріп жатқан кәсіпкер ағаларымызға, соны ұйымдастырған ауыл жастарына разы болып, алғыстарын білдірді.