ҚОРДАЙ: «ҚҰРСАҚ ШАШУ» ДӘСТҮРІ ӨТТІ

ҚОРДАЙ: «ҚҰРСАҚ ШАШУ» ДӘСТҮРІ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық Қордай мешітінде “Рахман” мешітінің әжелер алқасы мүшелері құрсақ шашу дәстүрін көрсетті.

"Құрсақ шашу" немесе "құрсақ тойы" - аяғы ауыр әйелге қатысты ертеден келе жатқан дәстүр. Түрлі салт-дәстүрлерді білетін ақ жаулықты аналарымыздың айтар өсиеті мол. Келін үйге түскеннен соң, ененің одан күтетін үміті зор. Сондықтан, аяғының ауырлағанын байқаған өнегелі ене құрсақ шашу деген кішігірім той думан ұйымдастырады. Оның мақсаты – қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне аса назар аудару.
Әжелер "Құрсақ шашуға "даярлап келген тағамдарын, жүкті екі келіншекке дәм татқызды. Олардың жеріктігін анықтап, басуға бұл таптырмас салт . Асыл әжелеріміз болашақ қамын ,ұрпақ қамын уайымдап әрекет жасаған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: