Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылы «Қожай баба» мешітінің имамы Жанболат Сағындықұлы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Қайырымдылықта мектепке баратын 26 оқушыға сөмке мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді. Ауыл имамы қайырымдылыққа қолдау көрсетіп демеуші болған кәсіпкерлерге ризалығын білдіріп рақмет айтты. Сауапты іс-шараға ауыл әкімі Ерсайын мырза да қатысып, жақсы істің жанынан табылып, өз көмегін көрсетті.



                                    04 Қараша 2025
                                    13 Джумада-авваль 1447

