Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты мешіттердің ауласына көктем шығысымен сенбілік және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты мешіттердің ауласына көктем шығысымен сенбілік және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Меркі ауданы, Тәтті ауылы «Тәтті» мешітінің имамы Көпбосынов Асхаттың бастамасымен және мешіт жамағытының қоштауымен мешіт ішіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ескіріп, тозығы шыққан мешіт қабырғаларын қырып, заман талабына сай әрлеу жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар, мешіт ауласы ретке келтіріліп, тазартылды.
ҚМДБ Жамбыл облысы Байзақ ауданының «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Байзақ баба» мешітінің ауласында әйел жамағаты мен қайырымды жандардың көмегімен «Сатып ал да, сауап ал» қайырымдылық акциясы өтті.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешіті жанынан құрылған «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен екі отбасыға қайырымдылық жасады.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің имамы Қанат Әділханұлының тапсырмасымен, мешіт іс басқарушысы Арман Көшербаевтың ұйымдастыруымен мешіттің бейне бақылау камералары жаңартылды.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Ар-Рахман» мешітінде аудан наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы мешіт жамағатына «Дін мен дәстүр ізгілікке бастайды» тақырыбында насихат айтты.