Жуалы ауданы, Теріс ауылдық «Мырзахмет ата» мешітінде тұсауын кесу рәсімі өтті. Осылайша ата-бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрін қасиетті Алланың үйінде жүзеге асырды.
Берекелі шарада ауыл имамы Мұсағалиұлы Бауыржанның алғаш қадам басуға талпынған кішкентай бөбегінің қаз-қаз басқан Абдулла баланың тұсауын қонақ Нұралы Бақытұлы ұстазға мешітте кестірді. «Атадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүріміз өз жалғасын таба берсін. Өмірге жаңадан қадам бақсан бүлдіршіндеріміз ертеңгі ел болашағының алтын көпіріне айналып, текті еліміздің тұғыры биік азаматы болсын»- деп ұстаз батасын берді.Бауыржан имам ұстазға ризашылығын беріп, сыйлық жасады.