Зікір – пенденің Жаратушысының разылығын бөленуіне, жүрегінің тазаруына, күнәларының кешірілуіне себепші болады.
Зікір – пенденің Жаратушысының разылығын бөленуіне, жүрегінің тазаруына, күнәларының кешірілуіне себепші болады.
Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық спорт кешенінде аудандық музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мекемелер арасында футболдан жарыс өтті. Жарысқа аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы өз командасымен белсене қатысып, жарыс жеңімпазы атанды, яғни бірінші орынды иеленді.
Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылдық Мәдениет үйінде бірінші мамыр Бірлік күніне орай "Береке бастауы бірлік пен ынтымақ" тақырыбында іс-шара өтті.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық «Естай баба» мешітінің имамы Мұқтар Мэльсұлының ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж 3 отбасыға бір қойдың еті үшке бөлініп және бір отбасыға 13 500 теңгені құрайтын азық-түлік салынған пакет берілді.
Қасиетті жұма күні Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Зулпыкаров Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің жамағатына жұма уағызын айтты.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкөзек ауылы «Жантай ата» мешітінің имамы Бекжан Майданбекұлының ұйымдастыруымен Байзақ ауданының депутаты Асылбек Жантаевтың қолдауымен 20 отбасыға қайырымдылық жасалды.