Жамбыл облысы, жастар ісі секторының өкілі Есет Тұрдыбайұлы №11 орта мектеп оқушыларымен кездесіп, діни сұрақтарына салт-санамен сабақтастыра жауап берді.
Есет Тұрдыбайұлы ата-баба дәстүрімен біте қайнасқан Әбу Ханифа мәзһабының ерекшеліктері мен Абай, Шәкірім секілді қазақ елінен шыққан діни қайраткерлердің өмір тарихы мен діни ұстанымдарына тоқталып, жат діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтанудың жолдарын көрсетті.