- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 860
#Байзақ: БАС ИМАМ МЕШІТ ҚҰРЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Түймекент ауылында соғылып жатқан мешіт құрылысымен танысты.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Түймекент ауылында соғылып жатқан мешіт құрылысымен танысты.
Бүгін Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, аудандық мешіттің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы және Жетібай ауылдық «Ақыл ата» мешітінің имамы Қадірбек Әбенұлы Ұлы Отан соғысының ардагері, Жалғызтөбе ауылдық округі Жетібай ауылының тұрғыны, майдангер Рахымжан Мамыралиевтің шаңырағында болып, соғыс және еңбек ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Көкөзек ауылдық «Жантай ата» мешітінің имамы Бекжан Майданбекұлының ұйытқы болуымен және Байзақ ауданының депутаты Асылбек Жасұзақұлының демеушілігімен мешіт жанындағы спорт кешенінде ауыл тұрғындарына дастархан жайылып, аудан наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы «Ізгі қоғамды құрудың пайдасы» тақырыбында насихат айтты.
«Қолы ашықтың жолы ашық» дейді дана халқымыз. Елдің азаматтарын атымтай жомарт болуға үгіттейтін имамдарымыз мұқтаждың көңілін сұрап, оларға қол ұшын беруді уағыздарында көп қозғайды.
Жамбыл облысы Базақ ауданы Көкөзек ауылдық «Жантай ата» мешітінің имамы Бекжан Майданбекұлының ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құңдылықтары» жылы аясында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауыл имамдары аудан депутаты Асылбек Жасұзақұлымен доп тепті.
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай Байзақ ауданы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс-шараларын өткізу орталығы және Суханбай ауылдық округі спорт нұсқаушысы Ерғали Нұрғожаевтың ұйымдастыруымен және Қосы батыр ауылы «Қосы Батыр» мешітінің имамы Н.Тұрлыбайұлының қатысуымен Жақаш ауылында Кеңес одағының батыры А.Суханбаевты еске алуға арналған кіші футболдан аудандық турнир өткізілді.