Мешіт - Құран Кәрімде және хадистерде мұсылмандардың құлшылық жасайтын мекені әрі пенде мен Раббысы арасындағы байланысты арттыратын орынды айтады. Мешітте құлшылық жасаумен қатар оның ішкі және сыртқы тазалығына да мән беру қажет.
Осыған орай, Қордай ауданы, Беріктас ауылы «Мухамедамин» мешітінің молдасы Шылымбетов Қайыпбай мен мешіт жамағаты тазалық жұмыстарын жасады. Мешіт бағының ағаштарын әктеп, оларды ретке келтіріп және мешіт айналасын тап-таза етіп тазалық жасады.