- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 602
#Меркі ауданы: Қайырымдылық сауапты іс
Меркі ауданы, Аспара ауылы “Ыбырайым ата” мешітінің имамы Серікбаев Дарханның ұйымдастаруымен және ауыл жамағатының қолдауымен қайырымдылық шарасы атқарылды.
Меркі ауданы, Аспара ауылы “Ыбырайым ата” мешітінің имамы Серікбаев Дарханның ұйымдастаруымен және ауыл жамағатының қолдауымен қайырымдылық шарасы атқарылды.
Меркі ауданы, Интернациональное ауылы «Достық» мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбай, ауыл тұрғындарының қал жағдайын білу мақсатында, ауылды аралап, кімнің қандай көмекке зәру екендігін зерделеп, қолынан келген көмегін аямай Ислам дінінің мерейін көтеріп жүрген имамдардың бірі.
Меркі ауданы, Тәтті ауылының тұрғыны Алла ісіне береке беріп, нығметіне бөленген кәсіпкер Бектұғұлов Аманбек ағамыз ауылдағы көп балалы жанұяларға, сондай-ақ, басқа да ауырып жатқан, көмекке мұқтаж жандарға зекетін ақшалай табыстады. Жалпы 1 000 000тг көлемінде зекет қаражаты үлестірілді.
Меркі ауданы, Ақжол ауылы имамы Олжабаев Нұрмұхамбеттің ұйытқы болуымен ауылдағы екі отбасыға қайырымдылық жасалды. Мұқтаж отбасыларға қаржылай жәрдем көрсетілді. Көмек алған отбасылар аудан имамына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты барлық мешіттерде тазалық жұмыстары өткізілді.
Халқымызда “Асар” деген ізгі дәстүр бар. Оның түпкі мақсаты – қоғамдағы қорғаусыз қалған азаматтарға ауыл-аймақ, ағайын болып, асарлатып үй салып беру. Осынау ізгі дәстүр соңғы жылдары аймақ бойынша қайта қолға алынып, дәстүр елі ішінде жаңғырып келеді.