Дініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөліп, оның маңыздылығын жан-жақты түсіндіреді. Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінде сенбілік жұмыстары болып өтті.
Мешіт жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері мен мешіт ұжымы осындай ізгі амаллға бір үйдің баласындай атсалысып, мешіт ауласын тап-тұйнақтай етіп жинастырды. Қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 222-аятында: «Сөзсіз Алла тәубе еткендерген мен тазаланғандарды жақсы көреді»,- деп тазалықты мадақтайды.