Сарысу ауданы, Жайлаукөл ауылының жастары жергілікті имамға көлік сыйлады.
«Жасайтын жақсылығымыз да, жамандығымыз да өзге үшін емес, ең әуелі өзіміз үшін екен. Бұл жөнінде Құран былай дейді: «Кімде-кім түйірдей жақсылық істеген болса, оның сыйын көреді... («Зілзәла» сүресі, 7,8-аяттар)», – дейді. Сондықтан, дін жолында қызмет етіп жүрген бауырымызға қолымыздан келгенше әрдайым көмектесуге дайынбыз», – дейді ауыл жастары.