Айтылған әрбір сөздің сұрауы болатыны естен шыққанда, әдеп пен иба, құрмет пен сыйластық ескерусіз қалып, салдарынан біреуге жала жабылып, енді біреудің ар-намысы қорланып жатады. Сөйлегенде тек жақсы сөз сөйлеуді, болмаса үндемеуді бұйыратын дінімізде сөз жауапкершілігіне үлкен мән беріледі.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес нәрсені бес нәрседен бұрын ойлан. Жастық шағыңды қартаймастан бұрын, денсаулығыңды ауырмастан бұрын, байлығыңды кедейленбестен бұрын, бос уақытыңды шұғылданбастан бұрын, өміріңді өлместен бұрын ойлан», – деп өсиет айтқан.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожа қызының ұйымдастыруымен әйел-қыздарға жамағатына «Әйел адамның желідегі әдебі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға «Рахман» және «Құдайберген» мешітінің ұстаздары Айгуль Жолдасқызы мен Малика Аханқызы қатысты. Ұстаздар әйел адам әдебі, желі әдебі тақырыптарын ашықтап, жиналған әйел-қыздарға әрбір жағдайда әдеп сақталуы керек болғаны секілді, әлеуметтік желіде отырғанда да әдептен озбау маңызды екенін айтып түсіндірді. Себебі қай уақытта, қай Мұсылман адам әлеуметтік желіні жақсы мақсатта пайдалананып, оны қолданатын уақытын реттеп, шамадан тыс пайдаланудан өзін шектеуі тиіс. Семинарға қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз сауалдарына толық жауап ала алды.