Хадис шарифте: «Тазалық – иманның жартысы» делінген. Ислам – тазалық діні. Дінімізде жан мен тән тазалығына қатты мән берген. Сонымен қатар құлшылық жасайтын орынның да таза болуы маңызды.
Хадис шарифте: «Тазалық – иманның жартысы» делінген. Ислам – тазалық діні. Дінімізде жан мен тән тазалығына қатты мән берген. Сонымен қатар құлшылық жасайтын орынның да таза болуы маңызды.
Аудандық «Қордай» мешітінде қари дін қызметкерлерімен, жұма намазынан алдын, әр апта жамағатқа "Кәһф" сүресі оқылуда.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде мемлекеттік мейрам саналатын Наурыз аталып өтті. Ең алғашқы күні Алғыс күнімен басталып, көпшіліктің үлкен бас қосумен жалғасатын, игі бас қосу мен пайдалы насихаттан тұратын мейрам.
Мешіт - Жаратушы Алланың үйі және қоғамдық орын. Жамағатпен құлшылық жасайтын, сауаптарға кенелетін таптырмас мекен. Оның тазалығына, көркемдігіне жағдайына мән беру мұсылмандарға міндет.
Мешіт – Алланың ең сүйікті орны. Оны таза, толы болуы өте маңызды. Сонымен қатар көркем болуы да маңызды және ол мұсылманшылығымызға тән. Жамағатсыз мешітті елестету мүмкін болмағандай, мешітті тазалықсыз, көріксіз де елестету мүмкін емес.
Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде Рамазан айының келуімен тарауих намазын хатым Құранмен оқу басталды.