Мойынқұм аудандық "Мойынқұм" мешіті қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын жүргізуде. Мешіт қолданысына қажетті құрал-саймандар алынып, көмір жинақтайтын сарай құрылысы аяқталды. Құрылыс демеушісіз мешіттің қолдауымен жүргізілді.
Мойынқұм аудандық "Мойынқұм" мешіті қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын жүргізуде. Мешіт қолданысына қажетті құрал-саймандар алынып, көмір жинақтайтын сарай құрылысы аяқталды. Құрылыс демеушісіз мешіттің қолдауымен жүргізілді.
Мойынқұм ауданы, Шығанақ ауылдық "Досекеұлы Абсат" мешітінің молдасы Түсіпов Рахымбай ауылдық кітапхана ұжымына "Бабалар ұстанған дәстүрлі дол" тақырыбында іс - шара өткізді.
Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылдық "Шалғынбайұлы Бейсенбай" мешітінің имамы Әбкеев Сәбит Арманұлы "Діни экстремизм мен терроризм деген не" тақырыбында ауыл тұрғындарына арнап арнайы іс - шара өткізді.
Жамбыл облысы, Ізгі қоғам бағытының өкілі Есет Тұрдыбайұлы Шоқан Уәлиханов атындағы кітапхана ұжымымен “Діни экстремизм, терроризм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп” тақырыбында кездесу өткізді.
Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылы мешітінің асханасында Пайғамбарымыздың дүниеге келген айын атап өту мақсатында дастархан жайылып, құран оқылып, жамағатқа Алланың Елшісіне деген махаббат, оны жақсы көру мен жүріп өткен сара жолына қарай отырып өмір сүру мұсылман адам үшін өте маңызды екендігі аталып өтті. Шараға 300 адам қатысты.
Жамбыл ауданы, Құмтиын ауылының мешітінде РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет ұстаз жайылған дастархан үстінде жамағатқа «Ислам және жастар» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Шараға 20 адам қатысты.