Бүгін Меркі ауданына қарасты Аспара ауылында жаңадан пайдалануға берілген “Күлия ана” мешітінде алғашқы жұма уағызы өтті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жамағатқа насихат айтып, қасиетті күннің маңыздылығын түсіндірді.
Жұма уағызында Бас имам мұсылманның мінез-құлқы, бірлік пен ізгіліктің ұлтты ұйыстыратын құндылық екеніне тоқталып, жамағатты ізгі амалдарға үндеді. Сонымен қатар жаңа мешіттің ел игілігіне қызмет етіп, ауыл тұрғындарының рухани өміріне серпін беретіні атап өтілді.
Жергілікті жамағат Бас имамның келуін ыстық ықыласпен қарсы алып, ауылда ашылған жаңа мешіт үшін алғыстарын білдірді.
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі



23 Қараша 2025
2 Джумада-сани 1447

