МЕРКІДЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

МЕРКІДЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облысы Меркі ауданында 3 пара және 2 пара бойынша облыстық Құран жарысы өтті. Игі шара "Күлия ана" мешітінің ұрпақтарының демеушілігімен ұйымдастырылып, жас қарилардың Құранға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.

Жарысқа ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, “Һибатулла Тарази” қайырымдылық мекемесінің директоры, қари Бірлік Аманкелді, сондай-ақ имам Дастан Қасымалиев қазылық етті. Әділ қазылар қатысушылардың тәжуид, мәнерлі оқу және дауыс тазалығы талаптарын ескере отырып бағалады. Сайысқа Жамбыл өңіріне қарасты барлық аудандардан келген үміткерлер қатысты. 

Құран жарысының нәтижесіне сай жеңімпаздар төмендегідей:

3 пара бойынша:
 I орын — Пирназаров Бауыржан
II орын — Рүстемұлы Бейбіт
III орын — Арқалық Таурат
IV орын — Қалаш Ерман
V орын — Қалықов Ердан

2 пара бойынша:
I орын — Еркінбек Мухаммад
II орын — Кенжебай Нұрасыл
III орын — Көшербай Жасұлан
IV орын — Манат Ибраһим

Жеңімпаздар мен үздік қатысушыларға қаржылай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Бұл жарыс – жас буынның Құранға деген сүйіспеншілігін күшейтіп, діни білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: