АСПАРА АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

АСПАРА АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты Аспара ауылында ел көптен күткен “Күлия ана” мешітінің ашылу салтанаты өтті. Игі шараға ауыл тұрғындары, ақсақалдар мен қонақтар жиналып, жаңа құлшылық үйінің есігі ресми түрде айқара ашылды.

Салтанатты рәсім қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы құттықтау сөз сөйледі. Бас имам мешіт салудың сауабы, Алла үйінің қоғамдағы орны және оның ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі жайында мазмұнды насихат айтты.

Сонымен қатар жаңа мешітке арнайы сый ретінде қасиетті Құран кітабы мен көркем картинаны тарту етті. Ал Құранды “Һибатулла Тарази” қайырымдылық мекемесінің директоры, қари Бірлік Амангелді оқып, дұғасы жасалды.

Игілікті істің жүзеге асуына қолдау көрсеткен азаматтар сахна төріне шақырылып, оларға шапан жабылып, алғыс хаттар табысталды. Мешіттің бас көтерер демеушілерінің бірі Бақытбек Дүйсеналыұлына ерекше құрмет көрсетіліп, інісі Еркебұлан ағасына тұлпар мінгізді. Бұл сәт жиналған жамағаттың ыстық ықыласы мен ризашылығын тудырды.

Алматы облысы Әйел-қыздар секторының жауапты маманы Назерке Әкішқызы шараға арнайы келіп, құттықтау сөз сөйлеп, жаңа мешіттің ел руханиятына қызмет етеріне сенім білдірді.

Салтанатты ашылудан кейін жамағат мешіт ішіне кіріп, екі рәкағат нәпіл намазын оқып, Құран бағыштап, дұға жасады. Артынша жұма уағызы айтылып, алғашқы жұма намазы өткізілді.

Шара соңында ауыл тұрғындары мен қонақтар үшін дастархан жайылып, береке-бірлік тілеген ас берілді.

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: