Көктал ауылында «Табиғат пен қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында тағылымды насихат өтті. Аталған жиында оңалту бөлімінің жетекшісі Азамат Боранбайұлы жамағатқа қоршаған ортаны аялау, табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті екендігін айтып өтті.

Көкбастау ауылында жергілікті тұрғындарға арналған тағылымды пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы қатысқан бұл рухани басқосу жамағаттың діни сауатын арттыруға бағытталды.
Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, Е.Байғазиев көшесінің тұрғындары құдайы тассатық садақасын берді.
Жуалы ауданы, Теріс ауылдық «Мырзахмет ата» мешітінде Бауыржан Мұсағалиұлы үлкен аға буындарына сауат ашу курсын өткізуде.
Жуалы ауданы, Қарабастау ауылы, «Билікөл» мешітінің асханасында ауыл тұрғындары құдайы тассатық садақасын берді.
Истисқа сөзі қуаңшылық кезінде Алладан жаңбыр тілеу мағынасын білдіреді. Халық арасында бұл ғибадат «тасаттық» деп те аталады. Истисқа намазы – шариғатта бекітілген амалдардың бірі, алайда уәжіп емес. Мұндай кезде дұға жасап, истиғфар айту да жеткілікті болып саналады.