- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 1015
#БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА АУЫЗАШАР ПАКЕТТЕРІ ТАРАТЫЛУДА
Жамбыл облысы Байзақ аудандық мешіті және ауданға қарасты ауылдық мешіттер Рамазанда ораза ұстаған жандарға ауызашар пакеттерін таратуда.
Жамбыл облысы Байзақ аудандық мешіті және ауданға қарасты ауылдық мешіттер Рамазанда ораза ұстаған жандарға ауызашар пакеттерін таратуда.
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жоспарына сәйкес, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Атлах" шайхасына 1270 жыл толуына байланысты Жамбыл облысында өтетін "Қазақ даласына исламның келуі" атты халықаралық ғылыми-танымдық конференциясына дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған ресми жиналыс жасалды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев басшылық еткен жиынға ұйымдастырушы жұмыс тобы қатысты.
Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару әрбір мұсылманның міндеті! Алла Тағала "Әл-Имран" сүресінің 110 шы аятында: «Сендер (Уа мұсылмандар) адамдар үшін шығарылған үмбеттің ең қайырлысы болдыңдар: ізгілікке бұйырып, жамандықтан тиясыңдар, Аллаға сенесіңдер», деп бұйырады.
Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бағыттарынан болған «Жат ағыммен күрес» бағыты пысықталды.
Меркі ауданына қарасты ауыл мешіттері ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жүзеге асырылып жатқан «Рамазан керуені» қайырымдылық марафонына белсене қатысуда.
ҚМДБ–ның «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Берекелі Рамазан керуені» қайырымдылық марафоны Жамбыл ауданы ауыл мешіттерінде жалғасын табуда.