Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «6 шілде – Елорда күнін» мерекелеуге арналған кіші футболдан мекеме, ұйым, кәсіпорындар арасындағы аудандық турнир өткен болатын.
Спорт кешенінің директоры Риянов Мақсаттың шақыртуымен турнирге ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы да барып қатысып, жеңіске жеткен командаларды құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Жамбыл аудандық мештінің баспасөз қызметі