Жамбыл ауданы Қызылшарық ауылы «Қызылшарық» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы арнайы іс-сапармен барып, мешіт ақсақалдарымен кездесті. Мешіт құрылысына атсалысып жатқан кәсіпкерге өз алғысын білдірді.
Аудан имамы өз сөзінде: Мешіт – мұсылман баласының қажетті дұға-тілектерін бір Алла Тағаладан ғана сұрайтын, пенделік қателіктері үшін кешірім сұрап, тәубеге келер мекені. Оның сыртында, мешіт табалдырығын аттаған жан қадамына сауап жазылады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде айтылғандай мешітке келушілердің оң аяғына сауап жазылып, дәрежесі артатын болса, әрбір басқан сол аяғының күнә-кемшіліктері кешірілетіндігін айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі