Тараз қаласы имамдары «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті» бітіруші курс шәкірті Көмеков Дінмухаммед Рыскелдіұлының 480 000 теңгені құрайтын жылдық оқу ақысын төлеп берді.
Тараз қаласы имамдары «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті» бітіруші курс шәкірті Көмеков Дінмухаммед Рыскелдіұлының 480 000 теңгені құрайтын жылдық оқу ақысын төлеп берді.
Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Қажылық» тақырыбы аясында уағыз айтты. Қажылыққа ниет етіп жүрген кәсіпкерлерге исламның бес парызының бірі болған қажылыққа бару тек адал еңбегінің қаражаты болу керектігі жөнінде кеңінен насихаттады.
Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінің ауыл кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен көпбалалы, жалғызбасты, аз қамтылған он отбасыға зекет таратылды. Он отбасыға екі қой сойылып, үлестірілді.
Жамбыл ауданы Аса ауылында 110 жасқа келген ғасыр әже Гүлбарам Сүгірова Бекқарақызы тұрады.
Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы Жамбыл ауданы «Бесағаш» мешітіне барып, ауыл жастарымен «Рухани тәрбие ихсан ілімі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Байзақ ауданы Аймантөбе ауылы "Аймантөбе" мешітінің имамы Рахманов Кенжехан, Байзақ ауылы "Тілеш қажы" мешітінің имамы Абиров Рахымбек, Бурыл ауылы "Шолпан Дәуіт" мешітінің имамы Тілеуқулов Қанат «Берекелі рамазан қайырымдылық» акциясына атсалысып, ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларына азық-түліктей көмек таратты.