#Байзақ: Қариясы бар үйдің - қазынасы бар

#Байзақ: Қариясы бар үйдің - қазынасы бар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас ауылыдық «Ан – нағим» мешітінің имамы Сағымбаев Бақытбектің  ұйымдастыруымен, Қостөбек ауылдық округі әкімдігінің ұйытқы болуымен қарияларға құрмет көрсетілді.

Шара барысында әрбір қарияның үйіне ауыл имамы барып қарияларымыздың жағдайын біліп, мешіт тарапынан азық–түлік салынған қораптар мен паекеттерді сыйға берді.

«Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші, сіздерді бүгінгі қарттар күні мен құттықтаймын. Сіздердің ортамызда болуыңыз берекенің басы, еліміздің тірегі», - деп қарияларымыздың көңіл күйін көтерді.

Жас балаша қуанған қарияларымыз ауыл имамға алғысын білдіріп көздеріне жас алды.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: