МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жақында Шу аудандық «Жәми» мешіті жанындағы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ауызашар дастарханы жайылған болатын. Аталған ауызашарда сектор ұстаздар тақуалық, Рамазанның артықшылығы туралы уағыз айтып, сұрақ-жауап ойынын өткізді. 

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жақында Шу аудандық «Жәми» мешітінің жанындағы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қош бол, Рамазан!» атты рухани кеші өткен болатын. Қасиеті мол Қадір түні қарсаңында өткен шараға сектор ұстаздары, ақ жаулық әжелер мен қыз-келіншектер, шәкірттер қатысқан.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Таяуда Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен 3 әйел кісіге күнделікті қажетті азық-түлік қоры топтастырылған «Рамазан» себеті берілген болатын. Сый алған нәзік жандар ұйымдастыру алқасына алғыстарын білдірді.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жуырда Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұстазы Ләззәт Махамбетова  облыс  орталығындағы «Қош бол Рамазан» атты семинарға қатысып қайтты. Тараз қаласында әйел-қыздар секторы ұстаздары мен қыз-келіншектердің басын қосқан бұл семинарда сөлді сөздер айтылып, салмақты әңгімелер қозғалған болатын.

 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жақында Шу ауданы Көктөбе «Рақыш ата» мешітінің имамы Ерғазы Ақпанов ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен 5 отбасыға азық-түлік түрінде қайырымдылық жасалғанын хабарлады. Сонымен қатар 9 отбасыға 25 келідеген ұн мен 5 келі күріштен зекет түрінде садақа берілді дейді ол өз мәліметінде.