Тараз қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен Тараз қаласы әкімшілік полиция басқармасының капитаны А Оспанов және психолог маманы Ж.Дүкенбаев, сондай-ақ Тараз қаласына қарасты «Әл-Фирдаус» мешітінің бас имамы Кенжемолдаев Алмаз имамның қатысуымен семинар өтті.
Күн тәртібінде қозғалған тақырыптар «суицидтің алдын алу», «психологиялық ауруларға жол бермеу» (депрессия, стресс), «жол жүру қағидаларын сақтау», «ұйымшылдық» соның ішінде кісіні кемелділікке жетелейтін діннің басқа да тақырыптары кеңінен қозғалды. Дініміз Ислам барша адам баласына бейбітшілікке, амандыққа, татулыққа шақырады. Елдің іргесінің сөгілмеуі, рухани құлдырауға ұшырамауы, ел тұтастығы және амандығы үшін аянбай қызмет етіп жүрген ержүрек қызметкерлердің рухани депрессияға ұшырамауы маңызды.
Түрлі мамандардың әртүрлі тақырыптарды қозғауы ел қызметінде жүрген азаматтар үшін пайдалы болары сөзсіз. Ел-жұрттың қызметшілерінің де діни сауатты болуы маңызды мәселе. Кездесу барысында имам уағыз-насихат айтып, өзіне қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.
«Әл-Фирдаус» мешітінің баспасөз қызметі



01 Мамыр 2026
14 Зуль-каада 1447

