Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінде «Ихсан - рухани тәрбие негізі» кітабы 3-тарауының «Жаман әдеттерден сақтану» тақырыбы бойынша жастарға дәріс өткізілді.
Аталған дәрісті мешіт имамы Ғани Жанұзақұлының өзі жүргізді. Жастарға сабақ болар біршама ақпараттармен бөлісіп, сан сауалдарына жауап берді. Сонымен бірге, ауыл имамы жастарды жаман іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



01 Мамыр 2026
14 Зуль-каада 1447

